Әлемдегі ең бай 10 мұсылман
Әлемдегі ең бай 10 мұсылман

 

Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстаным қалыптасқан. Бұл ұстаным – тек қазақ халқына емес, күллі мұсылман жұртшылығына тән құндылық іспетті. Десе де, байлық – қоғам арасында адам мұратының, әлеуметтік маңыздылықтың бірі ретінде бағаланған. Бұған аталарымыздың “Түстік өмірің болса, күндік мал жи” деген мәтелі мысал бола алады.

  Қазіргі дамыған қоғамда, мұсылмандар да түрлі кәсіппен, сауда түрлерімен айналысатыны бесенеден белгілі. Кезінде пайғамарымыз (с.ғ.с) мен оның сахабалары да осы іспен шұғылданған еді. Кәсіпкерлердің кейбірі толайым табыстарға қол жеткізіп, мол байлыққа ие болады. Әрине, олардың барлығы өз мүлкін ислам жолында жұмсайды демейміз, алайда, дін үшін, жақсылық үшін тапқан табысын кемсінбейтін жомарт байлар да жоқ емес. Десе де, тақырып ол турасында емес. Әрине, өз ісінде табысқа жеткен мұсылман  адамдар туралы білу – кей адамдарды үмметке пайда тигізу үшін баюға ынталандыратыны сөзсіз!

   Кәсіп жүргізу – пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бері келе жатқан іс. Алла Елшісі Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жас кезінде өзінің ағасымен, кейін, өзінің әйелі болған бай саудагер әйел – Хадиша анамызбен бірге сауда істерін жүргізгені белгілі. Пайғамбарымыздың отбасы мүшелерінің кейбірі және өзге сахабалар да осы кәсіппен айналысып, күн көрген. Сондықтан, кәсіп жүргізу Ислам үшін жат нәрсе емес. Керісінше, сауда – исламның таралуына, ислам тарихындағы ірі оқиғаларды қаржыландыруға өз ықпалын тигізгені даусыз. Көптеген өңірлер дәл осы сауда-саттықтың арқасында исламмен танысқаны құпия емес. Тіпті, сауда арқылы исламның жайылуының жарқын мысалы ретінде, Сахара даласы арқылы Батыс Африка елдеріне исламның таралғанын айтсақ болады.

   Әлемдегі мұсылмандар кәсіппен айналысуды әлі күнге дейін жалғастыруда.

   Forbes.com порталының мәліметі бойынша, «Forbеs» журналы «ең бай» мұсылмандардың тізімін ұсынды. Кәсіпкер жандардың табысы, кейбірімізді таңқалдырары сөзсіз!

   Сіздердің назарларыңызға, ислам әлемінің ең бай 10 бизнесменін ұсынамыз.

1. Азим Хашим Премжи – оның жағдайы 18,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Үнді кәсіпкері Премжи – Wipro Limited директорлар кеңесінің төрағасы. Әрі, оған – Үндістандағы бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарумен айналысатын ірі компаниялардың бірі –Wipro Technologies тиесілі.

2. Ханзада Әл-Уәлид Бин Талал – оның қоры – 17,7 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Ханзада Талал – Kingdom Holding Co компаниясының негізін қалаушы және бас директоры.

3. Алико Данготе – оның жағдайы 13,8 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл кәсіпкер – шикізат сатып алумен және сатумен айналысатын Dangote компаниялар тобының иесі. Туған өлкесі Нигериядағы бизнесінен бөлек, оның компаниялары – Бенин, Камерун, Гану, Оңтүстік Африка, Танзания және Замбия сияқты басқа да Африка елдеріне бар.

4.Мұхаммед Бин Исса әл-Жабер – оның жағдайы 8,7 миллиард АҚШ долларына бағалануда. Әл-Жабер MBI International & Partners компаниялар тобының төрағасы және бас атқарушы директоры болып табылады. Бұл топқа бүкіл әлем бойынша, JW Hotels and Resorts компаниялары кіреді.

5. Мұхаммед әл-Амуди – оның жағдайы 8,4 миллиард АҚШ долларына  бағаланады. Эфиопия бизнесі алтын өндіруге, мұнай өңдеуге және Эфиопиядағы цемент өндіруге инвестиция салумен айналысады.

6. Ескендір Махмудов – оның жағдайы 7,3 миллиард АҚШ долларына   бағаланып отыр. Е.Махмудов өзбектен шыққан ресейлік кәсіпкер, сондай-ақ, ол  – Орал тау-кен металлургия компаниясының негізін қалаушы және президенті.

7. Шахид-хан – оның жағдайы 7,2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Пәкістаннан шыққан Американдық бизнесмен – «Джексонвилл Джагуарс» американдық футбол клубының, сондай-ақ, «Фулхам» ағылшын футбол командасының иесі. Сонымен қатар, Шахид-ханның Flex-N-Gate атты компаниясы Иллинойс штатында Урбанада автокөлік қосалқы бөлшектерін өндірумен айналысады.

8. Сүлеймен Керімов – оның жағдайы 6, 4 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Жанжалды танымал ресейлік бизнесмен әрі саясаткер байлыққа жетуінің көп бөлігіне әр түрлі авиакомпанияларға, сондай-ақ, банк саласына түрлі инвестициялар салу есебінен жеткен.

9. Нәжіб Микати – оның жағдайы 2,7 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Нәжіб мырза – Investcom телекоммуникациялық компаниясының негізін қалаушылардың бірі болған, алайда, саяси мансабын бастап, Ливан премьер-министрі болған кезде өз үлестерін сатып жіберген.

10. Саид Мұхтар әл-Бұхари – оның жағдайы 1,85 миллиард АҚШ долларына бағалануда. Малазиялық кәсіпкер – электр энергиясын өндіру, көлік және логистика сияқты бизнестің түрлі салаларына инвестиция салумен айналысады.

 

Байлық, Әлемдегі бай мұсылмандар, әлемдегі ең бай мұсылмандар, Жетістік
Ақмарал КАНАЛАқмарал КАНАЛ
5 лет назад 15631
0 комментариев
О блоге